18.01.2023, 16:00
Оқылды: 29

«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Фото дереккөзі: qazreiting.kz

«Алдымызда еліміздің барлық қалалары мен ауылдарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін қазір «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» арнайы ұлттық жобасы әзірленіп жатыр», - деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда, Премьер-Министр Индустрия министрлігіне аталған жобаны келісу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Министрлікке ұлттық жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді жеделдетіп, белгіленген мерзімде Үкімет аппаратының қарауына енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале