26.08.2021, 16:51
Оқылды: 228

Ардагер ұстаздарды зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Экономика және аудит» жоғары мектебінің ұжымы қос ардагер-ұстазды зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

5555

Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған экономика ғылымдарының кандидаттары, ғалымдар Сағындық Бисенов пен Талантта Траисоваға арналған салтанатты шарада университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың құттықтау хатын табыстап, қос ұстазға қазақтың дәстүрімен шапан және камзол кигізді.

Жоғары оқу орнының ректоры Асқар Мырзахметұлы өзінің құттықтау хатында зейнеткерлерге экономика саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірген.

Іс-шарада сөз алған «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» директоры Жанар Ержанова кеш иелеріне барша әріптестерінің атынан күні бүгінге дейін көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін рақмет айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Ардагер-ұстаздар Сағындық Хамзаұлы мен Талантта Нағиқызы білім ордасына алғашқы қызметке орналасқан жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар университет басшылығы мен әріптестеріне көрсеткен сый-құрметтері үшін ризашылықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

 

БҚАТУ-дың медиа-орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале