31.01.2020, 18:26
Оқылды: 61

Ардагерлер ұйымының есебі тыңдалды

Шыңғырлау аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сабырғали Самиевтың 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалып, оған аудан әкімі Е.Тұрмағамбетов, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ауыл ақсақалдары мен зейнеткерлер, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

IMG_9904

Бірлестік төрағасы Сабырғали Сәмиұлы өз баяндамасында ауданымызда 20 бастауыш ұйымды біріктіріп отырған қоғамдық бірлестікте 1970 зейнеткер есепте тұратындығын, оның 103-і тыл ардагері, 11-і Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері, 126-сы алтын алқа, 125-і күміс алқа иегерлері екенін айтты. Сондай-ақ, 10 Ауған соғысы ардагері, 5 Чернобыль апатына қатысушы, 44 Невада-Семей полигонынан зардап шеккендер бар көрінеді.       Ұйым жұмысын жан-жақты саралай келіп, баяндамашы аудан ақсақалдарымен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды шараларға да тоқталды. Әсіресе, аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүрген «Елім-ай» әжелер ансамблі мен «Асыл қазына» тобының және ардагерлер арасында бата айтуда, қара өлең орындауда, түрлі спорттық ойындарда көзге түсіп жүрген жекелеген  бірқатар жандардың адресіне жылы лебіздер білдірілді.

IMG_9867

Өз кезегіңде аудан әкімі Ержан Рысжанұлы «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дей келе, ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген үшін қазыналы қарттарымызға алғысын білдірді. Әрі «Жастық шақ – даналықты меңгеруге, ал кәрілік – оны қолдануға арналған уақыт» деген аудан әкімі үстіміздегі жылы дана Абайдың 175,   Ұлы Жеңістің 75 және   Ассамблеямыздың 25 жылдық мерейтойларын атап өтуде көнекөздеріміздің көмегі ауадай қажет екендігін тілге тиек етті.

IMG_9780

Жиында ардагерлер өздерін толғандырып жүрген кейбір түйткілді мәселелерді алға тартса, аудан әкімі айтылған жайлар мүмкіндігінше өз шешімін табу бағытында жұмыстанатындығын жеткізді.

 

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале