27.04.2021, 9:33
Оқылды: 151

Ардақты ардагерлер!

Ұлы Жеңіс күні – әрдайым салтанатты әрі жүрек толқытатын, шын мәнінде, жалпыхалықтық мереке. Атаулы күн күнтізбеде жай ғана белгіленіп қойған жоқ. Оның алауы бейбітшілік жолында басын өлімге тіккен майдангерлер жүрегінде толассыз жанады.

аудан аким куттыктауларына (1)

9 мамырда жеңімпаз әкелеріміз беп аталырымыздың ержүректігі мен батырлығына бас иіп, тағзым етеміз. Олардың көзсіз ерлігі халық жадында мәңгілік сақталады. Ауыр сынақ жылдарында қайтпас қайсарлық, рух күші мен батырлық Кеңес сарбазының жүрегінде патриотизм, жауынгерлік міндетіне адалдық, Отанға деген шексіз махаббат ретінде көрініс тапты. От пен оққа, кескілескен шайқасқа төтеп берген азаттық жауынгерлері Мәскеуден Берлинге дейінгі соғыс жорығынан абыроймен өтті.

Біз барлық соғыс ардагері мен Отан қорғауға өз үлесін қосқандарға алғыс айтамыз. Осы мереке күні, ең алдымен, майдангер-ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, фашистік лагер құрбандарына – сұрапыл соғыс жылдарының ауыр қасіретін арқалағандардың барлығына ең ізгі лебізіміз бен жылы сөздерімізді арнаймыз. Бәріміз де жеңімпаздар ұрпағымыз. Біз үшін, Ұлы Жеңіс мұрагерлері үшін, Отанға деген қызмет жолындағы қайсарлықтарыңыз – табандылық пен ерліктің, батырлықтың жарқын үлгісі. Жалпыхалықтық жауынгерлік даңқ мерекесінде сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Алдағы уақытта да тума-туысқаныңыздың ыстық пейілі мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз! Отбасыңызға бақыт пен игілік тілеймін! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

 

«Квант» ЖШС-ның бас директоры 

Михаил Пшеничный

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале