23.04.2021, 9:48
Оқылды: 119

Ардақты ардагерлер!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – өз жерін жаудан қорғау үшін қасық қандары қалғанша шайқасқа түскен батыр бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігін ұлықтайтын күн. Бұл мейрам біздің бейбіт заманда уайым-қайғысыз өмір сүру үшін жанын қиған миллиондаған боздақтың рухына тағзым ететін күн. Ержүрек сарбаздарымыздың сұм соғыста танытқан көзсіз ерліктері біздің және келер ұрпақтың жадында мәңгі жаңғырып отыруы тиіс. Біз Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосқан әр жауынгерді мақтан тұтамыз және майданда қаза тапқан боздақтарға басымызды иеміз.

аудан аким куттыктауларына (2)

Жауды жеңіп, келер ұрпаққа Жеңіс күнін сыйлаған жауынгерлерімізді есте сақтау – келер ұрпақтың міндеті. Солардың көзсіз ерліктері біздерге күш-жігер беріп, алға қарай ұмтылуға септігін тигізері сөзсіз. Біз қан майданнан аман-есен оралып, елдің еңсесін көтеруге үлес қосқан майдангерлеріміз бен тылда өлшеусіз еңбек еткен ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсетуге тиіспіз.

Сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақыт тілеймін. Сіздерді әрқашан сүйетін, құрметтейтін ұл-қыздарыңыз бен немере-жиендеріңіз, туыстарыңыз бен дос-жарандарыңыз жаныңыздан табылсын!

Асқар Кущанов,

 «Болашақ-Т» ЖШС-ның директоры

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале