30.12.2022, 18:00
Оқылды: 288

Ардаргерлерді құттықтады

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жаңа жыл мерекесіне орай өңірдің соғыс ардагерлерін арнайы барып құттықтады.

IMG-20221230-WA0155

Ол алдымен соғыс ардагері Вениамин Скаленконың төрінде болды.

Өңір басшысы ардагер, Орал қаласының құрметті азаматы Вениамин Пантелеевичтің үйіне барып, ақжарма тілегін білдірді. Қарияға зор денсаулық, отбасына амандық тіледі. Қария болса, сұрапыл соғысқа қатысқан майдангерлердің жауынгерлік жолы мен бейбіт күндегі жемісті еңбегі жөнінде әңгімеледі.

Облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, ел тыныштығын тіледі.

-Біз сіздердің ел үшін атқарған еңбектеріңізді жақсы білеміз. Қиын қыстау кезеңде жан қиярлықпен еңбек етіңіздер. Біз оны жоғары бағалаймыз. Аман жүріңіз. Жаңа жыл берекелі болсын!, - деді облыс әкімі.

IMG-20221230-WA0156

Мұнымен қоса өңір әкімі соғыс ардагері Иван Гапичтің шаңырағына барып, жылы лебізін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале