19.12.2022, 17:45
Оқылды: 88

Аргентина әлем чемпионатында жеңгені үшін 10 миллион доллар алды

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) футболдан Аргентина құрамасының ойыншыларына 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 миллион доллар көлемінде чек сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

bfcc526252cf407a8d5748f4f8db3a28

Бұл жаңалықты COMNEBOL президенті Алехандро Домингес өзінің Twitter-дегі парақшасында бөлісті.

Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіп, матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды.

Жүлде сертификаты француздармен ойыннан кейін аргентиналық құраманың киім ауыстыратын бөлмесінде табыс етілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале