20.12.2023, 11:45
Оқылды: 118

«Армияға бармау мәселесін шешіп беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

19 желтоқсан күні полицияға 52 жастағы облыс тұрғыны арызданған.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің медиа порталында хабарланды.

IMG-20231220-WA0042(1)

Қызылордада «Армияға бармау мәселесін шешіп беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды.

Оның айтуынша, белгісіз азамат сеніміне кіріп, ұлын армияға жібермейтіндей шешіп беремін деп, 300 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Бірақ ол уәдесін орындамай, алған ақшасын да қайтармаған.

Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 34 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ, Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті УҰИ-ға қамалды.

ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале