20.01.2022, 11:00
Оқылды: 63

Арнайы экономикалық аймақтар қызметтің қосымша түрлерімен айналыса алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200115171850312e

Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.

Өткен жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы аймағының қызмет түрлері кеңейтілді.

Енді аталған АЭА мынадай жобалармен айналыса алады: жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы; қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну; жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі - «Сарыарқа» АЭА.

Онда дайын металл бұйымдары мен құрылыс материалдары: шарлы крандар, жылу оқшаулағыш құбырлар, отқа төзімді материалдар, жезден жасалған бұйымдар, дірілге және отқа төзімді бұйымдар шығарылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале