18.07.2019, 17:19
Оқылды: 207

Арысты қалпына келтіруге БҚО-дан 11 құрылыс компаниясы үлес қосуда

Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы апаттың салдарынан бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ақ Жайық өңірінен 11 құрылыс компаниясы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда. Бұл жөнінде облыс активінде мәлім болды.

сурет: kapital.kz

Батысқазақстандықтар Арыс қаласындағы 11-сектордағы тұрғын үйлерді, яғни 705 баспананы қалпына келтіреді. Бүгінде 676 үйдің жай-күйі толықтай зерттелген. 29 үйдің қожайындары анықталмай отыр. Қазір үй иелерін Арыс қалалық әкімдігімен бірлесіп анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 610 үйдің түрлі деңгейдегі ақауы бойынша акт жасалған. Ал 66 баспанаға жарылыстан ешқандай залал келмегені белгілі болды.

-Қазіргі уақытта 215 үйге келген залал жойылды. Зерттелген 676 баспананың жетеуіне толықтай қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Соның алтауы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

«Ақжайық» жеке қайырымдылық қоры Арысқа көмекке 16,3 млн. теңге қаржы аударған. Арыстағы құрылыс жұмыстарына батысқазақстандық 11 құрылыс компаниясы қатысуда.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале