7.05.2021, 10:39
Оқылды: 180

Аса қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Ұлы Жеңіс күніне байланысты шынайы да ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар!

2A73263F-0007-4E9C-8CB3-88101588472A

Ұлы Жеңіс мейрамы – әр отбасы мұқият сақтап отырған жүректегі  естеліктер жаңғырығы әрі жан азабы мен қуаныштың көз жасы. Кез келген сынаққа төтеп беретін күш сыйлайтын әрі баршамызды біріктіретін құндылық та осы.

Соғыстан оралмағандарға қылар құрметіміз ерен, бейбіт уақытта қайтыс болған ардагерлерді  де қайғыра еске аламыз. Батырлар мәңгі есімізде! Ешкім де ұмытылмасын, еш нәрсе де жадымыздан өшпесін.

Сіздердің замандастарыңызға біз шексіз қарыздармыз. Жеңімпазға лайық ғұмыр кешу үшін, біздің жерімізде кеңес халқының ерлігін дәріптеу дәстүрі үзілмес үшін Отан игілігіне шынайы қызмет ету арқылы ғана борышымызды өтей алмақпыз.

Сіздерге денсаулық пен дәулет, бір-біріңізге деген қамқорлық пен өзара түсіністік, қолдау мен мейірім жылуы арта түсуін тілейміз. Мың мәрте тағзым әрі адамзат баласы атынан зор алғыс!  Мерекелік отшашу жастық жылдарын еске салып, қырық бестің мамырындағы жеңіс күнінде бастан кешірген ұмытылмас жан толқынысы ауық-ауық оралуына септігін тигізсін.

Жеңіс күнімен!

Карина  Қизатова,

«Батыс  құрылыс материалдардың комбинаты» ЖШС-ның директоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале