5.01.2022, 11:20
Оқылды: 84

Әсерлі кездесу

Жаңа жылдың қарсаңында Қадыр сарайда Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Күйшілер одағының құрметті мүшесі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, домбырашы-ұстаз Асылғаным Құсмағамбетовамен кездесу кеші өтті.

267898793_1787860911603089_6160915153036440955_n

Кешке келген облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуанышбек Мұқанғалиев  домбырашы-ұстазға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатын табыстады.

ҚР Мәдениет саласының үздігі, ұстаз, ақын Дариға Мұштанова әйгілі күйші ағайынды – Ермек ағамыз бен Асылғаным апамыздың әкесі Есел Қазиев және күйшілер әулеті жөнінде  әсерлі әңгіме өрбітті.

Кеш барысында Асылғаным Құсмағамбетоваға «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан «Құрманғазы Сағырбайұлы» төсбелгісі және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі табыс етілді.

Сахнаға көтерілген кеш иесінің сыйлас апайы, ұзақ жылдар ұстаздық еткен К. Батыралиева, Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Н. Сертеков ұстаздық жолда жемісті еңбек еткен Асылғаным Еселқызына шығармашылық табыс тіледі.

Республикалық, халықаралық дәрежеде танымал, бү-гінгі дәулескер домбырашылардың ұстазы Асылғаным Құсмағамбетоваға көрермен-нің де қошеметі зор екені байқалды. Талай баланың қолына қара домбыра ұстатып, өнер биігіне жетелеген тәлімгер күйші  өнер жолындағы ұстаздары туралы, өзі тәлім берген шәкірттері жөнінде сыр шертіп, өткен күндер туралы естеліктерімен бөлісті.

Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халық музыкасын зерттеуші, күйтанушы Карима Сахарбаеваның, сонымен қатар белгілі жас күйші, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің гран-при иегері Азамат Шынаровтың құттықтау лебіздері бейнеэкран арқылы жолданды.

2

Шарада тәлімгер-күйшінің шәкірттері – республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Жасұлан Зинединов, Ербол Ғұбайдуллин, Мұрат Аманшиев, С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының жанынан құрылған Өнер мектебінің «Жігер» домбырашылар ансамблі, (жетекшісі республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты З. Өтепқалиева) өнер көрсетті.

Гүлжамал  Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале