29.11.2022, 10:16
Оқылды: 87

Әсет – әлем чемпионы!

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан VI әлем чемпионаты өтуде. Оған Ауғанстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан сынды елдер мен АҚШ, Бангладеш, Германия, Антигуа мен Барбуда, Колумбия, Латвия, Өзбекстан, Чехия, Румыния, Үндістан, Ұлыбритания спортшылары қатысуда. 

IMG-20221129-WA0017

Озық ойлылар бәсекесінде ел намысын қорғаған жерлесіміз Әсет Қайыржанов екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қанапия Қаяпбергенов пен Жарасқан Сағынбаевтың қоластында жаттығатын Әсет – облысымыздан шыққан тұңғыш әлем  чемпионы!

2000 жылы Орал қаласында дүниеге келген спортшы 10 жасында тоғызқұмалақты жанына серік еткен. Содан бері осы спорт түрінен қол үзбеді. Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің аутоматтандыру және басқару факультетін тәмамдаған.  Осы кезге дейін жасөспірімдер және жастар арасында үш дүркін Азия шемпионы атағына қол жеткізген. Бірнеше мәрте ел шемпионы атанған.Ал Ақтөбе қаласында ол тоғызқұмалақтың рапид және блиц түрлері бойынша әлем шемпионы атанды. Рапидте 80 спортшы бақ сынаса, блицте 40 тоғызқұмалақшы өнер көрсетті. Солардың ішінен суырылып алға шыққан Әсет рапидте Асылхан Қожанәсіп, Нұрбек Қабиев сынды қазақ-стандық мықтылардан, блицте отандасымыз Медет Хусейн мен қырғызстандық Анарбек Джамакеев сияқты әлем үздіктерінен басым  түсті.

Түгелбай Бисен,

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале