25.09.2024, 12:30
Оқылды: 104

Әскердегі әлімжеттік: Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

Мемлекет басшысы белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Бұл жөнінде Президент кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Әскер ЖП

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын», - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале