28.03.2024, 17:09
Оқылды: 37

Әскери психологтар психодиагностиканың жаңа әдістері мен алдын алу шараларын пысықтады

Елордадағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери психологтардың оқу-әдістемелік жиыны өтті. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

0b07452e34c6b4fe1beb986e0e513866_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бейнеконференцбайланыс режимінде оған Қарулы күштер түрлерінің және әскер тектерінің психологиялық қызметтерінің бастықтары, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери оқу орындарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің психологтары қатысты.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев өз сөзінде психологтың көзге көрінбейтін жұмысы өте маңызды екенін және психотест құрастырып, жеке әңгімелесу қашанда керек екенін атап өтті.

– Әскери психолог өз кәсібін ғана емес, сонымен қатар сарбаздардың, келісімшарт қызметіндегілер мен офицерлердің ішкі өмірін ұйымдастырудың ерекшеліктерін де, оның ішінде тұрмысы, қызметтері, міндеттерін жақсы білуі тиіс. Олар әскери қызметшілерді үнемі қадағалап отыруы, ақпаратты талдай және сақтай білуі, оған талдау жүргізе білуі, күн сайын жеке құрамның тәртібін, патриотизмін және жауынгерлік дайындығын нығайтуға бағытталған маңызды және күрделі міндеттерді шеше білуі қажет. Бұған психогигиенаны, психопрофилактиканы және басқаларды дамытуға бағытталған топтық сабақтар да кіреді, – деді министрдің орынбасары.

Сабақ барысында өзіне-өзі қол жұмсау туралы да айтылды. Бұл тақырып – өте ауыр тақырып, оны талқылаудың өзі жағымсыз. Қазақстандағы өзіне-өзі қол жұмсау ахуалы, мұның себептері мен белгілері туралы Психикалық денсаулық орталығының психиатр-суицидологы Екатерина Миронова айтып берді.

Әдетте жастар бір рет өзіне қол жұмсағысы келетін кездер болады. Олардың көбі белгілі бір уақытта өзіне қауіп төндіретіні рас. Осындай сәтте жанынан табылып, көмек көрсетілсе, олар екінші рет суицидке бармайды. Мұндайда психологтың жұмысы өте маңызды.

 Психиканың, дүниетанымның, сенімнің және өмір тәжірибесінің әртүрлі дене реакцияларымен байланысына негізделген PSY-2.0 әдісімен әскери психологтарды тәжірибелі психотерапевт, кеңесші психолог Олег Рейтаров таныстырды.

Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық денсаулық орталығының маманы Ольга Когайдың сөзі әскери қызметшілер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу мен оны емдеу әдістеріне арналды. Дінтанушы, елордадағы Діндерді зерттеу орталығының PhD докторы Жаңагүл Садықова суицид пен құмар ойындар сынды жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға тоқталды. Деструктивті діни ағымдардан қалай қорғану керектігі туралы Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теолог-исламтанушысы Арман Нұрахметұлы әңгімеледі.

Сабақ барысында әскерге шақырылушылармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті психология пәні оқытушысы Анна Поздееваның әскерге шақырылатын контингенттің психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты айтқаны танымды болды.

Жиын аясында суицидтің алдын алу және оны ескерту, өмірлік қиын жағдайға тап болған әскери қызметшілермен және әскерге шақырылған жастармен жұмыс бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Соңында адам жанының арашасы боп жүргендерге әскери қызметшілердің өзіне қол жұмсау мінез-құлқының алдын алу бойынша жаңа психодиагностикалық әдістемелер мен әдістемелік құралдар таныстырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале