Сенат депутаттығына кімдер үміткер бола алады?
6 Желтоқсан 2022

Сенат депутаттығына кімдер үміткер бола алады?

Мерейтойлық концерт
6 Желтоқсан 2022

Мерейтойлық концерт

«Тұлпар-тальго» неге кешікті?
6 Желтоқсан 2022

«Тұлпар-тальго» неге кешікті?

Қос ұсыныс
6 Желтоқсан 2022

Қос ұсыныс

Оралда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды
5 Желтоқсан 2022

Оралда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды

БҚО-ға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді
5 Желтоқсан 2022

БҚО-ға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді

Әскери-тарихи мұражайында «Соғыстағы әйелдер» көрмесі ашылды

Аталған экспозиция Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылу үстінде. Оның негізгі мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық арулар туралы сыр шерту. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20220307_163156_226

Қазақ даласы ерлермен қатар туған жерді қасық қаны қалғанша қорғап, батырлық танытқан нәзік жандыларға кенде емес.

Қазақ қыздары Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен. Мәселен, Аққағаз Досжанова мейірбике ретінде майданға жіберілді, жараланғандарға көмек көрсетті, госпитальдарда жұмыс істеді. Азамат соғысы жылдары ағартушы Алма Оразбаева қазақ жауынгерлерінен құралған эскадронның комиссары болған. Ұлы Отан соғысында майдан даласында мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова, ұшқыш Хиуаз Доспанова жаумен шайқасып, жеңісті жақындатты.

Күміс көмей әнші Роза Бағланова бұлбұл даусымен майдандағы, ауруханалардағы және тылдағы жауынгерлерді рухтандырды. Қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Күләш Байсейітова концерттік топтың құрамында бірнеше рет майданда өнер көрсеткен.

Көрмедегі жәдігерлер соғыстар мен қарулы қақтығыстарға қатысқан басқа да көптеген қазақ әйелдеріне арналған.

Көрмеге келушілер үшін Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің және әскери оркестрдің орындауында соғыс жылдарындағы әндер мен әуендер шырқалу үстінде.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале