15.08.2019, 12:11
Оқылды: 134

Әскерилер 94 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерилері Ұлы Отан соғысы ардагері Алевтина Митрохинаны туған күнімен құттықтап қайтты, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

94

94 жасқа толған қарт майдангерді құттықтай барған басқарма өкілдері кейуананың соғыс жылдарындағы ерлігі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді. Ардагерге ізгі тілектерін арнаған құттықтаушылар оған ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі. Өзін ұмыт қалдырмаған әскерилерге ыстық ықыласын жеткізген Алевтина Тимофеевна соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, өзінің шығармашылығынан өлең жолдарын оқып берді.

Оралдық соғыс ардагері Алевтина Митрохинаның өмір жолына үңілсек, ол 1941 жылдың күзінде медбикелерге арналған алты айлық оқыту курсына қабылданады. Курс соңында аудандық военкоматқа түсіп, 1942 жылы №15994 әскери бөлімнің жылжымалы далалық хирургиялық ауруханасына жіберілген. 1942 жылдың қарашасында Сталинград майданына жіберілген аталмыш әскери бөліммен бірге жерлесіміз де жауынгерлік операцияларға қатысқан. Соғыстың соңғы күніне дейін майдан даласындағы қанқұйлы шайқасты қаруластарымен бірге көрген Алевтина Тимофеевна көптеген ауыр жарақаттанған жауынгерлердің өміріне арашашы болыпты. Өзі де соғыста жарылған бомбаның салдарынан екі рет жарақаттанған. 1945 жылдың қарашасында әскерден қайтарылған ол Оралдағы оқу орнында төрт жыл мейірбике мамандығы бойынша білім алған. Кейін хирургия және мейірбике ісі бойынша қалада тәжірибеден өтуге қалған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале