23.01.2018, 16:46
Оқылды: 61

Жолдау жүктеген міндеттерді Астана мен БҚО бірлесіп орындайды

 

Бүгін Астана қаласында Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру және өңіраралық әріптестікті дамыту мақсатында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов кездесті. Басқосуға сондай-ақ өңірдегі ірі мұнай-газ операторы - Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының басшылығы мен Астана қаласының бірқатар кәсіпорын жетекшілері қатысты. Қатысушылар «Индустрия 4.0» принциптерін қолдана отырып, индустриалды-инновациялық даму мен цифрландыру элементтері және «Смарт сити» концепциясы аясындағы әріптестіктің болашағы туралы талқылады. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіруді дамыту үшін жағдай туғызу, қызмет көрсету сапасын арттыру туралы да айтылды, деп жазды фейсбуктегі парақшасына БҚО әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы.

26992090_1693890187316961_8533549886921909891_nКездесу соңында Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында «Индустрия 4.0» , цифрландыру және «Смарт сити» концепциясы аясында жəне Астана қаласы əкімдігі мен КПО Б.В. компаниясы арасында бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру және өнім түрін кеңейту мақсатында Астана қаласының шағын және орта бизнес базасында жаңа өндірістерді құру туралы меморандумға қол қойылды.

614_2730371621408833104_nӨз сөзінде облыс әкімі А. Көлгінов Астана қаласының үлгісінде Орал қаласында «Смарт сити» концепциясының жүзеге асырылуда екенін айта келіп:

- Біздің басты мақсатымыз - Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру. Біз Астана қаласында «Смарт сити» жобасының өте жоғары деңгейде іске асырылып жатқанын көрдік. Бірнеше кәсіпорындарды араладық. Соның ішінде Астана қаласында жол жүру ережелерін сақтауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар көп. Осы тәжірибе біздер үшін де нәтижелі болады деп ойлаймын.

26993621_1693890350650278_6621933222588736808_nСондай-ақ «Индустрия 4.0» бағытына тоқталсақ, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ компаниясы - еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі. Былтыр бұл компаниямен бірге Қазақстанның 7 өңірін араласақ, биыл Астанадан бастап отырмыз. Мақсат – Елбасының сапалы отандық өнім шығару және жергілікті қамтуды жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау. Мысалы былтырғы жылы жергілікті қамту бойынша Қарашығанақ компаниясы 130 млрд.теңге инвестиция құйды. Биыл да сол жұмыстар жалғасын таппақ. Астана қаласының кәсіпкерлерін тартып, сапалы отандық өнім өндіруді жолға қойғымыз келеді. Бірнеше келісім-шарт жасастық, - деді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале