БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Астанада, Ақтөбеде және Оралда шетелдіктерді қабылдайтын ХҚО-лар мекенжайы өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтарын қабылдайтын күшейтілген үш Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайларының өзгергені туралы хабарлайды.

24

Бұған дейін, шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, Мемлекеттік корпорация оларды арнайы күшейтілген орталықтарда қабылдау туралы шешім қабылдаған болатын.

Шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, ХҚКО-лардағы кезекті азайту мақсатында Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында шетелдіктерді қабылдайтын пунктілердің мекенжайын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді, шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша төменгі мекенжайларға жүгінуіне болады:

  • Астана қ., Республика даңғылы, 34;
  • Ақтөбе қ., Тәтеұлы к-сі, 5;
  • Орал қ., Жәңгір хан к-сі, 160/4.

ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз.

Қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-ларда сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.Келушілер «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және «1414»Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала кезекті брондай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале