12.07.2026, 9:00
Оқылды: 45

Астанада өтетін «Болашақ ойындары-2026» турнирінің жүлде қоры $4 млн-нан асады

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 29 шілде күні басталатын «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турниріне дайындық барысын тексерді.

photo_5372904337140553539_y

Фото: KZgovernment

Үкімет басшысы елорданың спорттық және қалалық инфрақұрылымының үшінші халықаралық мультиспорттық жарысты қабылдауға әзірлігімен танысты. Дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін бұл ауқымды шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын қосады. Салтанатты ашылу рәсіміне шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілері және цифрлық индустрия өкілдері қатысады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыстар өтетін 4 негізгі алаңның («Барыс Арена», «QAZAQSTAN» спорт кешені, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және Beeline Arena) гибридті форматқа бейімделуі мен цифрлық жабдықтардың әзірлігі туралы баяндады. Турнир барысында спортшылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, Battle Royale және MOBA сияқты 8 бағыт бойынша бақ сынайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион доллардан асады, ал Қазақстан намысын барлық сайыста 11 команда қорғайды. Қауіпсіздік пен логистикаға, сондай-ақ 1000-нан астам еріктінің жұмысына ерекше жағдай жасалған.

photo_5372864819146463310_w

Демеушілердің қолдауымен өтетін бұл халықаралық шараға 10 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде, бұл елорданың қонақүй, көлік және қызмет көрсету салаларына айтарлықтай серпін бермек.

Тексеріс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық жауапты мемлекеттік орган мен ұйымдарға жұмысты өзара үйлесімді түрде жүргізуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале