8.06.2026, 20:00
Оқылды: 31

Астанада жылына 18 мың тонна өнім өндіретін ет комбинаты іске қосылады

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

4991f0c8-3558-4dbc-a3e3-7bde511c02cb

Фото: t.me

Үкімет пен Астана қаласының әкімдігі Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру жөніндегі міндеттерді орындау бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – елордада заманауи «Астана ЕТКОМ» ЖШС ет өңдеу комбинатын іске қосу.

Кәсіпорын Астананың индустриялық паркінің аумағында орналасқан. «Астана ЕТКОМ» ЖШС құрылтайшысы Фархад Мадалиевтің айтуынша, жоба отандық шикізатты терең өңдеуді дамытуға, ет өнімдері өндірісін ұлғайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы несиелік қаражаттар және инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен қамтамасыз етілген.

f789f6ab-90ac-42f9-acc2-1cb28802fd8f

Кәсіпорынды пайдалануға беру 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға немесе жылына шамамен 18 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі өнім түрлеріне шұжық өнімдері, ет деликатестері, жартылай фабрикаттар және салқындатылған өнімдер кіреді.Кәсіпорын тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері қатарында «Айтас» АҚ, «KazBeef» ЖШС және өзгеде өңірлердегі фермерлік шаруашылықтар бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале