20.09.2022, 15:45
Оқылды: 112

Асхат Аймағамбетов гранттарды бөлу тәсілін қайта қарауды тапсырды

 ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов енді министрлік білім саласына аз грант бөлетін өңірлерге қолдау көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

85473edf39bb40be993193751ad7d0de

Оқу-ағарту министрі Түркістан облысын мысалға келтірді. Оның айтуынша, облыста жастарға бөлінетін гранттар саны 16 мыңнан 4,7 мыңға дейін азайған. Ал Алматыда 9 мың, Қарағандыда 8 мың грант бөлінген.

Түркістан облысында NEET санатына жататын жастар көп. Ал олардың көбінің білімі де, жұмысы да жоқ. Түркістан облысының білім басқармасына өтініш білдіремін, біз республикалық бюджеттен 10 мың грант бөлуге мәжбүрміз. Себебі бұл жерде жергілікті тұрғындардың да, балалардың да кінәсі жоқ, - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

 Министр бұл тәсілді басқа аймақтарға қатысты әділетсіз деп атады.
Қазір жергілікті бюджеттен грантқа аз қаржы бөлетіндерге көмектесеміз. Жергілікті бюджеттен грант көбірек бөлетіндерге көмектесуіміз керек. Сондықтан бұл тәсілдерді толығымен қайта қарауды тапсырамын. Біз бұдан былай кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға грант аз бөлетін өңірлерді қолдамаймыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жоғары білім қолжетімді болуы керек екенін атап өтті. Осыған орай, білім беру саласына жылдық 2-3%-бен жеңілдетілген несие беруді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале