Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Асыранды балаларды неліктен кері қайтарып жатады?

Қазақстанда асырап алған балаларды кері қайтарудың себептері айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13

«Асырап алған балаларды қайтару фактілері бар. Бірақ, көп жағдайда емес және оның себептері объективті. Мысалы, асырап алушының немесе баланың денсаулық жағдайына байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар асырап алушының материалдық жағдайына да қатысты болып жатады. Осы секілді басқа да объективті себептер бар. Ерекше балаларды да асырауға алып жатады. Олардың диагнозы әртүрлі. Сондықтан тек қана сау балаларды асырап алады деген қате пікір», - деді Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жанна Сәрсенбаева БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, асырап алушы жылына екі рет баланың өмір сүру жағдайы бойынша есеп береді.

«Одан бөлек, орталық мамандары бала асырап алған отбасыларға барып тұрады. Мақсат – баланың жеке басы мен өмір сүру жағдайын бақылау. Әрине, мамандар алдымен баратындығы туралы ескертеді. Яғни, біреудің үйіне баса-көптеп кіріп бармайды», - дейді сарапшы.

Елімізде балалар үйлерінің атауы мен қызметі өзгеріп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қазақстанда жетім балалардың 80% отбасында тәрбие алып жатқандығы айтылды. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім бала бар екен.

Айта кетейік, бүгін Астанада еліміздегі балалар үйлері қызметін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Шараға құзырлы органдар өкілдері мен балалар үйлері басшылары қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале