19.03.2024, 15:04
Оқылды: 36

Ата-ана мен отбасының басымдығы. Балаларды отбасына орналастырудың жаңа механизмдері ұсынылды

"Парламентте балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды қамтитын өте маңызды 2 заң жобасы қаралып жатыр. Бұл – «Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша», сондай-ақ «Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша» заң жобалары. Бірінші заң жобасы аясында Үкімет елімізде бала асырайтын кәсіби отбасының жаңа институтын енгізуді ұсынды", - деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі. 

горка жп (1)

«Біз үшін балалардың өз отбасыларында өсіп, тәрбиеленуі өте маңызды. Мемлекеттің саясаты отбасын қолдауға, баланы өз отбасында қалдыруға, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басқа адамдардан басым тұруына бағытталған. Мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар қабылдап жатыр. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, психологиялық қолдау орталықтары, отбасын қолдау орталықтары отбасыларға көмек көрсетеді. Біздің міндетіміз – әр баланың «отбасында өмір сүру және тәрбиелену» құқығын жүзеге асыруға барынша күш салу. Асырап алушы кәсіби отбасы жетім балаларды, ата-анасының қамқорынсыз және қараусыз қалған балаларды, отбасындағы қатыгездіктен зардап шеккен балаларды уақытша қарайды», – деді ведомство өкілі.

Заңнамада ата-аналардың өз баласын тәрбиелеудегі басымдық құқығы, туыстардың балаларды өз отбасыларына алу құқығы бекітілген. «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі» заң жобасы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың көптеген түріне жауапкершілікті қатаңдататын нормалардан бөлек, балалар ортасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормаларды қамтиды.

Білім беру ұйымдарының балаларды мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеті енгізіледі. Бұл жоғары педагогикалық зейінді қажет ететін балаларға көмектесу үшін қажет. Сондай-ақ заң жобасында облыс әкімдерінің психологиялық қолдау орталықтарын ашу құзыреті бекітіледі. Бүгінде мұндай орталықтар еліміздің 11 өңірінде ашылған. Жыл соңына дейін басқа облыстарда да осы сияқты ұйымдар ашылады. Орталықтар балалар мен ата-аналардың кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале