29.06.2026, 15:30
Оқылды: 10

Атақты дәрігер қызыл шараптың жүрекке пайдасы туралы аңызды жоққа шығарды

Қызыл шарап денсаулыққа пайдалы деген пікір - жай аңыз емес, қате түсінік. Өйткені көпшілік бұған сенеді. Бұл туралы белгілі ресейлік дәрігер, академик Лео Бокерия РИА Новости-ге айтты, - деп хабарлайды TengriHealth.

Overhead view of Red wine bottle, filled glasses and grapes on natural marble stone setting

Сурет: istockphoto.com

Одан "Күніне бір стақан қызыл шарап қан тамырларына пайдалы ма?" деген сұрақ қойылды. Дәрігер бұл пікірді жоққа шығарды.

"Бұл - аңыз. Оның үстіне, зияны көп аңыз. Себебі жұрттың көбі оған толық сенеді, бірінен бірі естіп, тарата береді. Мұны кім шығарғанын білмеймін. Ішімдік ішкенді ұнататындар ма, әлде шарап өндірушілер ме?" - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, таңдау жасау қажет болса, қызыл шараптан гөрі ақ шарап ішкен дұрыс.

 "Сондай-ақ, үйде жасалған шараптан гөрі сапалы зауыт өнімін таңдаған жөн деп есептеймін. Өйткені үй жағдайында шарап дайындағанда санитарлық талаптарды, тазалық пен қажет температураны толық сақтау қиын", - деді Бокерия.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале