18.02.2022, 12:40
Оқылды: 97

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа президиум төрағасын сайланды

Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа президиум төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220218113509823e

Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр. Жиында алдымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа президиум төрағасын сайлау мәселесі тұрды.

Съезге қатысушылардың 248-і Р.Баталовтың президиум төрағалығын қолдады, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты. Барлығы 302 адам қатысты.

«Шешім қабылданды. Баршаңызды құттықтаймын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін одан әрі жетілдіре түсуде бар күшімді саламын. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, өзгерісті бірге енгіземіз. Біріксек болашақта алмайтын асу жоқ. Олай болса жұмыс кірісейік», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы Райымбек Баталов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Райымбек Баталов Атамекен ҰКП-ның басқарма төралқасының міндетін атқарушы еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале