26.01.2023, 17:30
Оқылды: 73

Атқарылған жұмыс аз емес

Бүгін облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының екіжылдық жұмыс қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Рахметұлы бұқаралық ақпарат құралдары алдында есеп берді. 

IMG-20230126-WA0072

Партияның жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы 2021 жылы бастау алды. Сол жылы Парламенттік сайлау өткені баршаңызға белгілі, жеңіске жетіп облыстық мәслихат депуттаттығына 31 орынның 25-і бөлінді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелігінде 153 фракция мүшесі бар.

2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы мақұлданып, фракция мүшелеріне Жол картасын бақылау және орындау бойынша тапсырмалар беріліп, фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Фракция мүшелері Жол картасын бақылау және орындаумен қатар өз бастамаларымен жеке жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Олар мысалы: қала және ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, жол салу, су мәселесі, денсаулық сақтау саласының мәселелері, мешіттердің әкімшілік ғимаратын салу, бұқаралық спортты дамыту, туризмді дамыту, экология т.с.с.

Фракция мүшелерінің қолға алып, шешімін тапқан үлкен мәселелері ол оңтүстік аудандардағы киік және су мәселелері.

Облысымыздың оңтүстік аудандары (Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала) халқымен өткізілген кездесулерде ауыл халқы тарапынан өзекті мәселелердің бірі де бірегейі – ақбөкен жануарының келтіріп отырған залалы туралы мәселе көтерген болатын.

Биолог-ғалымдардың пікірінше, БҚО аумағының сыйымдылығы 200-250 мың ақбөкенді қамтамасыз ете алады. Соңғы бейресми мәліметтер бойынша ақбөкеннің саны 500-600 мың басқа жетті, 2021 жылдың мамыр айында төлдегеннен кейін мал басы 1 миллионға жеткені хақ.

Жоғарыда аталған мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракция мүшелерінің атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматулинге, сол кездегі ҚР Премьер министрі А.Ұ.Маминге «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерватын ашу санын азайту үшін, ақбөкендерді өндейтін (етін,терісін, мүйізін) сатуды ұйымдастыратын мемлекеттік немесе жеке жеке аң аулау кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру бойынша хаттар жолданған болатын.

Резерват пен қаумал құру үшін 2021 жылға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылады, ол резерват пен қаумалдың штат санын Мемлекет басшысымен келіскеннен кейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына еңгізілетіні жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауап хаты келді.

 

Екінші мәселе көтерген мәселе – су. Ең ірілерінің бірі ол – Жаңақала ауданында орналасқан Сарыөзен мен Қараөзеннің мәселесі. Соңғы жылдары осы өзендерге келетін су күрт төмендеп кеткен, тіпті соңғы 3 жылда су мүлдем келмегендігін айтты. Өзендердегі су деңгейінің төмендеуінің салдары осы аудан тұрғындарының мал шаруашылығымен кедергі келтіріп, мал басының қырылып қалуы мүмкін деген қауіпі күн тәртібінен соңғы кездері түскен емес.

Ресей Федерациясының Саратов, Волгоград облыстарынан Еділ өзенінен Үлкен және Кіші өзендерге (Қараөзен және Сарыөзен) келетін судың мөлшерінің азаюының себебі соңғы жылдары қайталанып отырған құрғақшылық, суға деген тәуелділік. Себебі Қазақстан тарапы Еділ суын алуға байланысты шығындарды Ресейге республикалық бюджет есебінен өтейді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражат Саратов каналы арқылы 54 млн. текше метр, Волгоград облысынан Палласов жүйесі арқылы 21 млн. текше метр су алуға жетеді, қосымша қажеттілік 131 млн. текше метрді құрайды. Қалыптасқан жағдай судың жоқтығынан емес, керісінше Ресейдің бізге беруге дайын судың шығындарын өтеуге қаражаттың шешілмеуімен байланысты болып отыр.

Жоғарыда аталған мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында да Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының 24 фракция мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің Төрағасы Н.З.Нығматуллинге, сол кездегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге хаттар жолданды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жолдаған хатына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы аса қажеттілік және су аздығы жағдайында қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай аясында су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында Еділ суын 132,9 млн.м3 көлемінде Үлкен және Кіші өзендеріне беруге 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің 101 кіші бағдарламасы бойынша 1-ші нақтылау шеңберінде қарастыру үшін 3,5 млрд.теңге сомасында қаржы қаражатын бөлу туралы ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданып, бюджетті нақтылау шеңберінде пысықталатын болып шешім қабылданды.

Фракция жиналыстарында өңіріміздегі көптеген күрделі проблемалық мәселелер қаралды. Олар - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және орындалмау қаупі бар жобалары, фракция мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы есептері, оның ішінде сайлаушылармен кездесулері, қоғамдық қабылдаулар, депутаттық сауалдар, Жол картасының өздеріне жүктелген тармақтарының орындалуы, атқарылған жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы, сонымен қатар, жол картасының орындалуына жауапты мемлекеттік басқармалар басшыларының есептері тыңдалды.

Мәселен, жыл сайын «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7-8 млрд.теңге бөлінсе, фракция мүшелері атынан оны 6 есе көтеру мәселесі туындауда. Осыған байланысты аталмыш бағдарлама аясында облысқа 40 млрд. теңгеге дейін ұлғайту қажеттілігі туралы және 500-ден астам жұмысшысы бар «Конденсат» акционерлік қоғамының проблемалық мәселесі (битум, жана-жағар май, осы мәселе қолдау тапса облыс бюджетіне 20 млрд.теңге қаражат түседі) бойынша да хаттар Парламенті Мәжілісінің Төрағасы «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановқа және ҚР Премьер-Министрі А.Смаиловқа, «Тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» мәселеге бойынша сауда және интеграция министріне жолданды. Бағаны тұрақтандыру бойынша жолдаған ұсынысымызды Үкімет қолдап, қолданысқа енгізуге жұмыстануда.

Негізі жыл басынан бері Парламент, министрліктерге фракция атынан 6 ұсыныс хаттар жолданды.

Қ.К.Тоқаев ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуден тыс қалмауға шақырған болатын. "Адами капиталға инвестициялар да маңызды: заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, мықты университеттер салу, туризмін дамыту қазір елімізде мектептердің, студенттік жатақханалардың, жастарға арналған спорт нысандарының тапшылығы проблемасы өткір мәселе болып тұр. Сіздің көмегіңіз ел үшін үлкен маңызға ие болар еді", - деді президент.

Осы орайда айта кетейік, облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Тұрарбек Тілемісов 400 млн. теңге өз қаражаты есебінен онкологиялық дертке шалдыққан азаматтарға палиативтік көмек көрсету орталығын ашты. Ал, фракция мүшесі Нұрғазы Сәтбайұлы өткен жылы ірі медициналық орталығын ашса, биыл облысымызда білім ошақтарының үш ауысымды мезгілде оқуына байланысты, өз қаражатына жеке мектеп салуға ниет білдірді және облысымыздағы ірі компанияларға да өз қаражаттары есебінен мектеп салуға ұсыныс жолдады.

IMG-20230126-WA0070

Батысқазақстандық ағайын биылғы ерте көктемде Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын ауылын су басқанынан жақсы хабардар. Алғашқы болып қол ұшын созғандар «AMANAT» партиясының фракция мүшелері екенін білесіздер.

Осы орайда Шалғындық ағайынға «AMANAT» партиясы ұйымдастырған алғашқы көмек - Камаз автокөлігіне тиелген жүкпен бірге жетіп, тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, басы қасында жүріп, халықпен бірге болған фракция мүшесі Жаңабек Жаңабайұлының еңбегін атап кету керек.

Көп ұзамай Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде нақ осы тақырыпқа байланысты сол кездегі облыс әкімі кеңейтілген жиын өткізіп, Шалғында 23 үй, мектеп және медпункт салынатыны туралы қуанышты хабарды жеткізген болатын.

Бүгінгі таңда Шалғын ауылында сол үйлер бой көтеріп, Шалғындықтар жаңа қоныстарына орналасты.

Ақжайық аудандық фракция мүшелері аз қамтылған 25 отбасының балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдарға толы сөмкелерін алып берді.

Сырым ауданы, Жымпиты ауылында осыдан екі жыл бұрын депутат, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева “Есіктен есікке” акциясы аясында Түркіменстан Республикасының азаматшасы Роза Тұрлыбекова тұрғылықты мекен-жайға тіркелу мәселесін көтерген болатын. Тұрғылықты мекен-жайға тіркеле алмауы салдарынан зейнеткерлікке де шыға алмаған Роза Тұрлыбекова денсаулығына байланысты жол жүре алмайтындықтан 2021 жылдың сәуір айында аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы Астана қаласына аяқтай барып, Түркіменстан елшілігіне Түркіменстан Республикасының ел­шілігіне хабарласып, құжаттарды алып, оларды аудандық көші-қон полициясында рәсімдеді. Көп ұзамай мамыр айында өтініш берушіге ықтияр хат табысталып, аудандық көші-қон полициясына тіркелген болатын.

2021 жылдың мамыр айы мен 2022 жылдың қыркүйек айы аралығында бірнеше мәрте зейнеткерлік құжатқа өтініш жіберілсе де Түркіменстан Республикасы тарапынан өтініш қанағаттандырылмады.

Базалық 21 000 теңге зейнетақы алуға мәжбүр болған ардагер ұстаздың жүгінген мәселесі бойынша аудандық мәслихат хатшысы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Б.Ақатаевпен байланысқа шығып, мән-жайды түсіндіріп, Түркіменстандағы Қазақстанның елшілігі арқылы жұмыстану жөнінде сұраған еді.

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы шеңберінде Түркіменстандағы Қазақстанның елшілігі үш айдан астам уақыт жұмыстанып, құжатты Қазақстанға алғызды.

Аталған өтініш бойынша 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Б.Ақатаев мырзадан Сырым аудандық мәслихат хатшысы, депутат Шынар Дүйсенғалиеваның атына Р.Тұрлыбекованың сұранысына байланысты Түркіменстан аумағында тұрған кезеңіндегі зейнетақы ісін жолдайтындығын растайтын ақжолтай жаңалық жетті.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аудандық жол картасының 23 тармағы Тасқала ауылы Пушкин көшесінде орналасқан 3 қабатты 18 пәтерлі үй құрылысы жұмысы аяқталды.  Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін Тасқала аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері үнемі бақылау шараларын жүргізген болатын.

Халықтың аманатын орындау мақсатында, құрылыс кезінде мердігермен кездесу ұйымдастырып, құрылыс жұмысының сапалы болуына партиялық бақылау бекетінін фркация мүшелері назарда ұстады. Халықтың аманаты орындалды. Қоныс тойын тойлағалы отырған тұрғындардың алғысы шексіз! Алдағы уақытта да партия жұмысының аманатқа адал екеніне ел сенуде.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысының Қазанбас ауылынан 20 шақырым жерде орманда өрт шығып, халықтың зардап шеккенін бәріміз білеміз. Осынау қиын-қыстау кезеңде Қостанай облысына барлық өңірден көмек берілді. Біздің облыста қарап қалған жоқ, солардың ішінде Орал қаласынан құрылған штабтан зардап шеккен тұрғындарға қол үшін созғандардың бірі, Орал қалалық мәслихатының депутаты Ашықова Нұргүл Әжібайқызы бұзылмайтын тағам түрлері, жылы киім, тұрмыстық химиялық заттар, құрылыс материалдарын жолдады.

Өткен жылдың жаңа жыл қарсаңында Жаңақала аудандық мәслихат депутаттарының атынан фракция мүшесі Уразалиев Руслан Қанатұлы қаржы жинап, орталықтағы 45 балаға жаңа жылдық дорбалар табыстап, ең бастысы, аса қажетті балаларға арналған дамыту құралдарын алып берді.   Ауыл тұрғындарына тегін мал азығын беру акциясының басы қасында жүріп 22 мұқтаж отбасына көмектесті.

Сонымен қатар, партиялық жобалар туралы да біраз ақпаратпен бөлісті. Мәселен, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында 167 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған. «Ауыл аманаты» партиялық жобасы бойынша елімізде халықтың жағдайын жақсарты бойынша төмен пайызбен несиелендіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, аудандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық қоғамдық қабылдау бойынша ақпарат

2022 жылы 5166 өтініш түсті, оның 41% оң шешілді, 57% түсінік берілді. 1785 қабылдаулар өтті. 41 елді мекенде Мобильді қабылдаулар өткізілді. Оның аясында 296 өтініш түсті.

2021 бойынша барлығы 4483 өтініш, оның 1966 (44%) қанағаттандырылды. 3748 өтініш жергілікті филиалдарда, оның 1763-і (47%) қанағаттандырылды.

IMG-20230126-WA0071

Айта берсек, бұндай мысалдар өте көп. Қолдау көрсеткен барлық фракция мүшелеріне алғыс айтамыз, - деп өз баяндамасын аяқтады Мұрат Мұқаев.

«AMANAT» партиясы БҚОФ

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале