15.01.2022, 16:19
Оқылды: 135

Атырау облысында үш күнде 1 201 адам коронавирусқа шалдықты

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында үш күнде 1 201 адам коронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211004205648196a3844624i

Атырау облысында соңғы аптада қауіпті вирусты жұқтырушылар саны артып отыр.

Мәселен, 12 қаңтарда 243, 13 қаңтарда 437, ал, кеше, 14 қаңтарда 521 адам коронавирус

инфекциясын жұқтырған.

«Covid-19 инфекциясына шалдығу дерегі әсіресе, Атырау қаласында көбейді.

Мұнайлы шаһарда 14 қаңтарда қауіпті вирусты жұқтырудың 386 жағдайы расталды. Теңіз

кен орнында 27 науқас анықталды. Індеттің белгісі Жылыой ауданында 30, Индерде – 20,

Махамбетте – 18, Қызылқоғада – 11, Құрманғазыда –11, Исатайда – 10, Мақат ауданында 8 адамнан табылды. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 272 науқаста симптомды белгі бар», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір 1 075 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда

хаттамаға сәйкес, ем-дом қабылдау үшін 524 науқас оқшауланған. Оның ішінде Теңіз кен

орнындағы инфекциялық стационарда – 279, модульдік ауруханада – 201, аудандардағы

стационарларда – 32, фтизиопульманологиялық орталықта 12 пациент бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале