20.04.2022, 16:15
Оқылды: 81

Атырау тұрғындары Жайық өзенінен майшабақты сүзіп алып жатыр

Атырау тұрғындары Жайық өзенінен майшабақты сүзіп алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5

Жергілікті ихтиолог, биология ғылымдарының кандидаты Николай Поповтың айтуынша, Жайық өзенінде майшабақтың жүзіп жүруі – сирек әрі таңқаларлық жайт емес.

«Өйткені, майшабақ өзен арнасымен Каспий теңізіне дейін жүзіп барады. Бұрын Жайық өзенінің Махамбет және Индер аудандары тұсында кездескен еді. Ал, 2008 және 2012 жылдары өзеннің Атырау қаласындағы бөлігінде байқалды. Майшабақтың өзенге шығуының бір-екі нұсқасын қарастыру қажет. Біріншіден, мұны теңізде майшабақтың көп мөлшерде болуымен байланыстырған жөн шығар. Сол себептен, өзенге жүзіп шығуы мүмкін. Екіншіден, теңіздің ластану нұсқасын жоққа шығаруға болмайды. Мұны да ескерген жөн. Бірақ, мұның бәрі – болжам. Нақты қорытындыны арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесі белгілі болғаннан кейін айтуға керек», -дейді Николай Попов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале