6.12.2022, 16:00
Оқылды: 102

Атырау тұрғыны 13 жасар қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталды

Атырауда 13 жасар қызды зорлауға оқталды деген ер адам ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Ер адам Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында ұсталған.

«Ер адам «Reno Duster» көлігін заңсыз басқарып кетіп, көпқабатты үйлердің ауласына тоқтаған. Көлік салонында 13 жастағы жасөспірім қызды зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті ұсталды», -деп хабарлады.

Қазір 34 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының полицейлері іздеуде жүрген 80 қылмыскерді ұстағанын хабарлаған болатынбыз.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өткен жылдардан бері тергеу, анықтау және сот органдарымен бірлесе іздеу салынған 113 қылмыскерді ұстау үшін жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді.

Биылғы жыл басынан бері іздеуде жүрген 80 күдікті ұсталған. Ал, 33 қылмыскерді іздеу әлі жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале