14.08.2026, 16:00
Оқылды: 7

Ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр жауып, күн суытады

"Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

This intense weather scene captures the raw power of nature with storm clouds billowing across an overcast sky, heavy rainfall, and flashes of lightning illuminating the dark atmosphere. The dramatic, moody sky and cascading raindrops evoke a sense of powerful energy and impending force, perfect for visualizing extreme weather conditions. The composition showcases a blend of ominous clouds and heavy rain, ideal for projects focusing on nature, meteorology, or environmental themes.

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда ыстықтан кейін күн едәуір салқындайды деп күтіледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсерлетіп жауын жауып, екпінді жел соғуы және бұршақ жаууы мүмкін.

Температура күрт төмендейді

15–17 тамызға арналған болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек елдің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

 15 тамызда Қостанай облысында, ал 15–16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Павлодар облысында 16 тамызда нөсер жаууы ықтимал.

Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстікте температура +15 градусқа дейін төмендейді

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы +15...+20-дан +7...+12 градусқа дейін, күндіз +20...+30-дан +15...+20 градусқа дейін төмендейді.

Ақмола және Павлодар облыстарында түнде температура +15...+20-дан +10...+15 градусқа дейін, күндіз +30...+35-тен +17...+25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Орталық аймақтарда да аптап басылады

Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарында аптап ыстық беті қайтады. Қазір күндіз температура +34...+39 градусқа, ал осы өңірлердің оңтүстігінде кей жерлерде +40...+41 градусқа дейін жетсе, кейін ол +23...+33 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі температура +38...+44-тен +30...+37 градусқа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік-шығысында да ыстық бәсеңдейді: күндізгі температура +34...+39-дан, ал аймақтың солтүстігінде +40...+43-тен +30...+36 градусқа дейін төмендейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале