28.11.2022, 12:15
Оқылды: 37

Ауа райының қолайсыздығынан АҚШ-та 2,5 мыңнан астам рейс кешігуге мәжбүр болды

АҚШ-тың ірі қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты (жаңбыр, дауылды жел мен қар) 63 рейс тоқтап, жексенбі күні таңертең тағы 2 564 әуе рейсі кешігуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

221128095306209e

FlightAware.com мәліметтері бойынша Алғыс айту күніне сапарларын жоспарлаған 55 миллионға жуық адам қолайсыздыққа тап болды.

Жексенбі күні елдің оңтүстік-шығысында Теннесси штатының Мемфис пен Нэшвилл, Кентуккидегі Луисвилл және Солтүстік Каролинадағы Ашвилл қалаларында шамамен 14 миллион адамға желдің екпіні сағатына 40-56 км болатыны туралы ескертілді. Кентукки штатында құйын жылдамдығы сағатына 85 км-ге жетті.

Сол күні Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс штаттарына, орта Атлантикаға және Ұлы көлдер аймақтарына қатты жаңбыр жауды. Ол Чикаго, Сент-Луис, Детройт, Индианаполис, Кливленд, Атланта, Нэшвилл, Теннесси, Шарлотт, Вашингтон, Нью-Йорк және Бостон сияқты қалаларда таңертеңгі рейстерге қауіп төндірді. Дауылдың салдарынан жауын-шашынның жалпы мөлшері елдің шығыс бөлігінде 12,7 мм-ден 31,75 мм-ге дейін болды.

Жексенбі күні ең қалың қар Юта, Вайоминг және Колорадо штаттарына жауды. Метеорологиялық қызметтің мәліметтері бойынша жауын-шашынның жалпы мөлшері 15,24 см-ден 30,48 см-ге дейін болды, ал жоғары биіктікте қар одан да қалың жауған болуы мүмкін. Бұл аймақта желдің екпіні сағатына 48-ден 80 км-ге дейін болды, салдарынан жол көрінісі айтарлықтай нашарлап, сапарларға қауіпті төндірді.

Ашық көздерден алынған фото

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале