19.03.2021, 12:51
Оқылды: 302

Аудандық аурухана қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесуі өтті

«SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының кәсіподақ төрағасы – Махамбет Құсайынов мереке қарсаңында жұмыс сапарымен Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарындағы ауруханаларда болды. Жұмыс сапары барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының есептері тыңдалды.

F1C08832-9081-4389-A799-281FA61070B4

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары 2020 жылы атқарылған жұмыс қорытындыларымен таныстырылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «30 игі іс» акциясы және ҚРКФ-ның 2021 жылды Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялағаны туралы ақпараттармен және жұмыс жоспарларымен бөлісті.

E3738AD2-968B-4ED2-B58D-ED5EA470910F

Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көбейтуге және сақтандыруға қатысты мәселелер түсіндіріліп, мониторингтік жұмыстар сараланды.

Әрі қарай аудандық ауруханада қызмет ететін жас мамандармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚРКФ-ның жастарды қолдау саясаты туралы ақпараттар беріліп, «SENIM» кәсіподағының басым бағыттары талқыланды.

33841F6B-3607-4FB0-81CE-028EBE94E6E8

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өткен кездесулерден соң, салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы аудан әкімшіліктерімен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы және сала мамандарының әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале