1.06.2021, 12:32
Оқылды: 234

Аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының негізін қалаған ардагерге «Кәсіподақ қайраткері» медалі табысталды

31 мамыр күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен карантин шараларын сақтай отырып, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданына іссапарға шығып, аудан әкімі Алдияр Халеловпен аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағының мүшелерімен кездесті.

87D21ED4-F272-4504-AB63-40B6B595C8AA

Іссапардың басты мақсаты – аудандағы еңбек қатынастарының жай-күйімен танысып, ондағы кәсіподақ қозғалысына мониториг жасау, кәсіподақ мүшелерін бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында белсенділік позициясын ұстануға шақыру, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының стратегиялық даму бағдарламасын кеңінен насихаттай отырып, жаңа кәсіподақ ұйымдарының бой көтеруіне түрткі болу.

Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Серік Сүлеймен Тасқала ауданында алғаш рет кәсіподақ ұйымын құрған, аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағында ұзақ жылдар бойы жетекшілік еткен ардагер –  Жәрдемғали Әбілғалиұлы Балықовты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келген 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, өз кезегінде аудандық кәсіподақ ұйымдарын құруға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсене қатысқаны үшін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақ қайраткері» медалін табыстады.

57A349F2-2DE4-4D2A-93DD-FDE3B268427C

«Етікпен су кешкен жанқияр еңбектерімен халықтың алғысына бөленген кәсіподақ көшбасшыларының кешегісін – бүгінгі күн ұлықтайды, ұмытпайды. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ел бұғанасының қатаюына бет бұрған шақтарда халықтың әлеуметтік жағдайлары күрделеніп, еңбек ақыларын айлап ала алмаған қызметкерлерге сүйеніш болған Жәрдемғали Әбілғалиұлының тығырықтан шығуға көрсеткен көмегі мен қолдауы әлі күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Ортамызда осындай кәсіподақ жанашырлары көбейсе, еңбек адамының шешілмеген мәселесі, тарқамаған уайымы қалмаған болар еді...»,  -  деді Серік Кенжебекұлы.

#БКҰ21

#Еңбеккербейнесі

#Лицатруда

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале