25.03.2021, 19:59
Оқылды: 117

Әуе рейстері көбеймек

Наурыздың 29-ынан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы Оралдан Алматыға ұшатын әуе рейстерін жандандырмақ.

 Әуе рейстері көбеймек

Алматы – Орал – Алматы бағытындағы рейс сәуірде аптасына 5 рет орындалса, келешекте аптасына 7 рет ұшады. Билет құны бұрынғыдай 12999 теңгеден басталады. Ал 1 мамырдан бастап батысқазақстандықтар Шымкент қаласына ұша алады. Шымкент – Орал – Шымкент бағытындағы рейс аптасына 3 рет, яғни сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Ұшақ билеті 10999 теңгеден басталады. «FlyArystan» лоукостерінің баспасөз хатшысы Ләззат Набиеваның хабарлауынша, әуе компаниясының сегізінші Airbus A320 ұшағы әуе флотына қосылған.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале