22.03.2022, 11:00
Оқылды: 87

Ауғанстаннан Кореяға эвакуацияланған 85 оқушы жергілікті мектептерде оқитын болды

Өткен жылы тәліптерден қашып Оңтүстік Кореяны паналаған ондаған ауғандық мектеп оқушысы дүйсенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Ульсан қаласындағы жергілікті мектептерге барды. Бұл туралы YONHAP агенттігі хабарлайды.

426F4FA3-8E26-4448-8464-D0C1E848C15A

Өткен жылдың тамыз айында Оңтүстік Корея 391 ауған қызметкерін және олардың отбасыларын ұшақ арқылы әкелген болатын. Өткен айда 29 отбасы Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 415 шақырым жерде орналасқан Ульсан қаласына қоныстанды.

Улсан қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша, барлығы 85 оқушы - 16 мектеп жасына дейінгі, 28 бастауыш сынып оқушысы, 19 орта мектеп оқушысы және 22 жоғары сынып оқушысы жергілікті мектептерге алғаш рет барды.

Балалар үш арнайы сыныпқа бөлініп, оқушының үлгерім деңгейіне қарай алты айдан 12 айға дейін корей тілі мен мәдениетінен сабақ алатын болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале