22.09.2021, 12:17
Оқылды: 99

Аустралия жағалауында куатты жер сілкінісі болды

Аустралияның Мельбурн қаласында магнитудасы 6,0 болатын қуатты жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_87262

Жер сілкінісінің эпицентрі - Мельбурннан солтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде Виктория штатындағы Мэнсфилд қаласының маңы. Елдің геологиялық қызметі мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы екі шақырым тереңдікте болған.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, елдегі ең күшті жер сілкінісі көрші қаладағы ғимараттардың қирауына әкеліп соқты және көрші штаттарда дүмпулер тудырды.
Әлеуметтік желілерде таралған суреттер мен видеоларда Мельбурнның басты көшелерінің бірі қирағанын, ал қаланың солтүстік аудандарында тұрғындары электр қуатынсыз қалғанын көруге болады.
"Мұндай сипаттағы жер сілкінісі өте алаңдатарлық жағдай тудыруы мүмкін. Аустралияда бұндай жағдай өте сирек кездеседі, сондықтан адамдар қатты алаңдап отырғанына сенімдімін. Қазіргі уақытта бізде ауыр жарақаттар немесе одан да ауыр жағдайлар туралы хабарламалар болған жоқ. Біз үшін бұл өте жақсы жаңалық", - деді Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон.
Жер сілкінісі Оңтүстік Аустралия штатынан батысқа қарай 800 шақырым жерде орналасқан Аделаида қаласы мен Жаңа Оңтүстік Уэльстен солтүстікке қарай 900 шақырым жерде орналасқан Сиднейде де сезілді. Аустралияның 25 миллион халқының жартысынан көбі елдің оңтүстік-шығысында Аделаидадан Мельбурн мен Сиднейге дейінгі аралықта тұрады.
Мельбурн билігі қала орталығындағы биік үйлердің тұрғындарын эвакуациялады, сонымен қатар қала көшелеріндегі ғимараттар мен жолдарға шамалы зақым келгені туралы хабарламалар бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале