6.03.2024, 20:00
Оқылды: 63

«Ауыл аманаты» жобасы талқыланды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының Фракциясы кеңейтілген жиналысының отырысы өтті.

4

Отырысты Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракция жетекшісі Софья Ізмұханбетова жүргізді. Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ Басқарма Төрағасы Досмаков Ержан Нұржанұлы, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма және департамент басшылары, аудандық партия филиалының төрағалары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде бір ғана маңызды мәселе - Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы көтерілді.

Бірінші болып Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев сөз сөйледі.

1

Мұрат Рахметұлының айтуынша, облыс тұрғындарының арасынан кеңінен қолдап тауып келе жатырған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

«Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік елді-мекендерді аралап шығып, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды.

«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Бүгінде өңірімізге бөлінген 6 млрд 429 млн теңгенің 99,5 пайызы игеріліп, 987 шағын несие берілгендігі анықталды.

Партия төрағасы Ерлан Қошановтың сөздерін келтіріп, 2029 жылға қарай жоба аясында 1 млн ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарын орындау үшін бүгінде біздер жергілікті жауапты мекеме басшыларының есептерін тыңдап, туындап отырған өзекті мәселелердің шешу жолдарын бірге талқылайтын боламыз, - деп отырысты ашқан болатын.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі басшылығы тарапынан да бірлесе жұмыс жасауға шақырып, нақты осы жобамен тығыз айналысатын маманның есебін тыңдады.

Барлық өңірде делік, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыстық немесе қалалық деңгейдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар айналысатыны белгілі.

Ендеше осы сұрақ бойынша сөз бағдарламаның сенім білдірілген өкілі, AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Досмаковқа берілді.

Корпорация басшысының мәлімдеуінше, 2023 жылда ауыл шаруашылығына көп басымдық берілсе, осы жылы ауыл шаруашылығы саласына басымдық тек 50% ғана құрайтынын атап өтті. Демек, тек қана ауыл шаруашылығы ғана емес, өндіріс, қызмет көрсету саласында да дамыту көзделгендігін білдіреді.

2

Отырысты қорытындылай келе, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы есептің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жыл бойынша ауыл тұрғындары арасында аудан әкімдіктері партияның аумақтық филиалдармен бірлесіп түсіндіру жұмыстары қолға алынсын деген шешімге келді.

Ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу – «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Ауылда 301,4 мың адам тұрады. Бұл – облыс халқы санының 43,5%-ы.

Қаржының мақсатты жұмсалуы, несие беруді цифрландыру, мал сатып алу және техникамен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, статистика деректерін бірыңғай стандартқа келтіруді, қағаз жүзінде емес нақты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу үнемі бақылауда ұстап, бұл жұмыстарды биылғы жылыда жалғастырып, жүйелі жұмыс жасауымыз керек.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале