17.05.2023, 14:45
Оқылды: 61

Ауыл мектептері арасында арнайы республикалық пән олимпиадасы өтеді

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мектептеріне қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

выпуск

«Қазақстандағы білім мекемелерін цифрландыру процесін ауыл мектептерінен бастауды көздеп отырмыз. Ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты жою үшін 2024 жылы цифрландыру басталғанға дейін бұл мектептердің деңгейін теңестіріп үлгеруіміз керек. Сонда 2024 жылы қыркүйекте цирфландыру басталғанда ауыл мектептері мен қала мектептерінің жағдайы қатар деңгейде болады», - деді министр «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында.

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерін қолдау мақсатында бірнеше шараларды қарастырып отыр.

«Жалпы елімізде 5 мыңнан астам ауыл мектептері бар. Біздің негізгі мақсатымыз – түбінде ауыл мектептері жалпы қазақстандық білім жүйесінің драйверіне айналуы керек. Яғни біз ауыл мектептерінде білім жоқ, сапасы төмен дегеннен гөрі барлығы үлгі алатындай деңгейге көтеруіміз керек. Бұл шешім жаңа ғана қабылданып отырған жоқ, әбден пісіп, толық қабылданған дүние. Биылдан бастап ауыл мектептері арасында республикалық пән олимпиадасы ұйымдастырылады. Бұған дейін көп шағымдар болды, ауыл балалары республикалық олимпиадаларға қатыса алмайды, РФММ, НЗМ оқушыларының арасында көрінбей қалады деген шағымдар болған. Сондықтан, әріптестеріміздің бөлек олимпиада керек деген ұсыныстарын қабылдап, осындай жаңалықты енгізіп отырмыз», - деді Ғ. Бейсембаев.

Бұған дейін министр 340 директор жетіспеушілігі бар екенін, 144 директор зейнет жасына жақындап қалғанын айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале