31.08.2023, 11:45
Оқылды: 46

Ауылдық кеңестер. Ондағы халық саны қанша?

Біле жүріңіз!

 

 

1933-1935 жылдары облыс халқының аудандар бойынша ауылдық және селолық кеңестердің саны мен тұрғындары есебі жүргізіледі.

жп су

Сол кезде облыс бойынша Камен ауданында - 22 селолық кеңес, Жымпитыда - 13, Қаратөбеде - 14, Есболда - 30, Бөрліде - 15, Гурьевте - 22, Тайпақта - 19, Жәнібекте - 12, Казталовта - 15, Жылқосында - 15, Теңізде - 17, Сламихинде - 9 ауылдық кеңес болған. Сондай-ақ Маңғыстауда - 22 ауылдық кеңес, Теректіде - 16, Ілбішінде - 21, Приуральда - 12, Жаңақалада - 23, Ордада - 19, Шынғырлауда - 17 ауылдық кеңестің пайда болғаны анықталған.

Ал осы кезде Камен ауданында - 19 887 тұрғын, Жымпитыда - 15 696, Қаратөбеде - 11 728, Жылқосында - 19 411, Бөрліде - 7 932, Гуревьте - 26 182, Тайпақта - 16 725, Жәнібекте - 7 545, Казталовкада - 14 600, Сламихинде - 10 154, Маңғыстауда - 19 031, Теректіде - 14 072, Ілбішінде - 18 502, Приуральеде - 15 894, Жаңақалада - 22 946, Ордада - 35 292, Шыңғырлауда - 10 652 тұрғын болған.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале