Басты жаңалықтар
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
29 Қараша 2023
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
Тәкең, Талғат Шайхиевті айтамыз - сахнаның сәні, жүрегінде мелодия ойнаған талант, Шайхиевтер отбасылық ансамблінің жетекшісі. Оның табиғатты сүйетінін, әуесқой балықшы екенін де білуші едік. Бірақ…
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
29 Қараша 2023
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды zhaikpress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші…
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
29 Қараша 2023
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
Өткен аптадағы аласапыран боран мен қар адамның да, шұғыл қызметтердің де қысқа дайындығын тексеріп өтті. Алдын ала тұрғындарға хабарламалар келіп, төтенше жағдайлар, полиция қызметтері үйден…
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
29 Қараша 2023
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың ел алдындағы есеп беру жиынына қатысты. Осыған дейінгі жиналыста халық ауылға таратылатын ауыз су…
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
29 Қараша 2023
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
27 қарашаның полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің instagram парақшасында…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

Ауылына жанашыр

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Мұқадес» шаруа қожалығының атына әр кез жылы лебіз айтылады. Қожалық жетекшісі Ақылбек Сағитов – істің ыңғайын білетін азамат. Малдың бағым-күтімін былай қойғанда, селекциялық және ветеринарлық шараларды бір кісідей саралайды. Төңірегіндегі түліктің бірін екі, екісін төрт етуге әбден машықтанып алған. Қазір шаруа асыл тұқымды 771 бас ірі қара, 226 бас жылқы бағуда. Осы малдың бағым-күтіміне 7 адам жауапты. Мұнда Асылбек Әжігереев, Мардан Исмагулов, Бақытжан Болатбаев сияқты еңбектеріне ел алғыс айтатын азаматтар жұмыс істейді. Бәрі ортақ шаруаны «менікі», «сенікі» демей, бір үйдің адамындай атқарып жүр. Техниканың қай түрінің де тілін меңгерген Марат Құспанов шабылған шөпті қыстаққа тасып, текшелеп үйіп шығады.

2ea9ea74-2d60-4e56-b371-0e8e4009a93c

Елімізде жерді тиімді пайдалануға қатысты өзекті мәселе көтеріліп жүр.

Жыл сайын жердің құнары кеміп, малға жұғымдылығы төмендеп барады. Осы қолайсыздықтан құтылу үшін өткен күзде Ақылбек «БНК Лизинг» ЖШС арқылы 2 айналмалы үлгідегі «Атлантик» жаңбырлатқыш қондырғы сатып алды. Енді 156 га жерге мал азықтық дәнді дақылдар егуді жоспарлап отыр. Жем жеген мал қоңды болып, еті шапшаң өтеді.

Кезінде Орал – Атырау күрежолынан Ілбішін ауылына дейінгі аралық жүргіншілердің жүйкесіне әбден тиген. Оңды-солды бұрылысбұралаңы көп, шұңқыр-шұғанағы таусылмайтын қиқы-жиқы жолды жол деп айтудың да қисыны келмейтін. Соны теп-тегіс етіп жөндегендердің қатарында Ақылбек те жүрді. Ол аудандағы мектеп, балабақша, әлеуметтік нысандарға да қамқорлығын аяп жатқан жоқ. Ілбішін ауылындағы «Алтын тамыр» мейрамханасының қызметіне халық риза. Жылдың қай мезгілінде де келген меймандардың жабырқап кеткен кезі жоқ. Онда азық-түлік дүкені де жұмыс  істейді.

Ақылбек Сағитов ауданның қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Қажет кезде көмек қолын созуға әзір. 2016 жылы Ақжайық аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Сол кезде ауылға газ құбырын тарту, ауыз сумен қамту, жол салу жұмыстарына атсалысты. Чапаев ауылындағы Жұбан ескерткішінің жанынан ашылған орталықтың құрылысына қомақты ақшалай қолдау көрсеткендердің бірі – Ақылбек Темірболатұлы. Сондай-ақ аудан орталығында салынған мешітке де көмек берді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Аманкелдіұлының: «Біз Ақылбекке қашанда сенеміз. Ол мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Мал бағудың ғылыми жолдарын жетік меңгерген. Жыл сайын өзі межелеген биіктерден көрініп келеді. Елдің мүддесін ойлайды, сөзіне мығым, шаруасына пысық» деген сөзі – азаматтың бүгінгі келбетіне берілген әділ баға.

Ақылбек Сағитов пен бауырлары әке-шешеден жастай қалып, ата-әжелері – Мұқадес пен Ақжанның тәрбиесінде болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқадес ақсақалдың немерелеріне қалдырған өсиетінің бірі – адал еңбек ету. «Атам мені қасынан тастамайтын. Еңбек адамдарының бір-біріне деген қамқорлығын зердеме құйып жүретін. Жаманжақсыны ертерек бағамдауыма атамның үлесі мол болды. Сол кезде сирек болса да, мал ұрлығы кездесетін. Мұны естігенде атам қатты күйзеліп, опынатын еді», – дейді қожалық жетекшісі.

Ақылбек Темірболатұлы әр жылдары I дәрежелі «Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі үшін», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» және басқа да орден-медальдармен, грамота-алғысхаттармен марапатталды. Еңбек еткен ешқашан қалыс қалмайды. Жан жары Светлана Төлешқызы екеуі бүгінде құда-құдағай атанды, немере сүйді, жиен көрді. Жақсылықтары жалғасын таба берсін демекпіз.

Тілес Жазықбай,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Ақжайық ауданының құрметті азаматы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале