28.08.2026, 13:00
Оқылды: 6

«Ауырып ем іздегенше...»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жатамыз. Қазіргі кезде бойды күтіп, дені-қарның сау болуға үйрететін әдіс-тәсіл жетерлік. Өмірде өзін және әлемді тануға ұмтылып, саламатты ғұмыр кешіп жүрген данагөй, көпті көрген адамдар бар. Олар да сіз бен біз сияқты саналы жандар. Бұл кісілердің шығармаларын саралап, оқып қана қоймай, неге тәжірибесін кәдеге жаратып, әрекет  етпеске?!

WhatsApp Image 2026-08-06 at 08.42.27

Орал қаласындағы №6 емханада салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті жұмыс істеп тұр. Өкінішке қарай, денсаулығы сыр беріп, кексе тартқан адамдар ол жерге бармайды.

Ошо (шын аты Чандра Мохан Джеин) деген ныспымен әлемге танылған шығыстың ғұламасы бар. Оның кітабында «Медицина ғылымы медитациясыз толық болмайды» деген пайым жазылған. Осы
Ошоның пікірінше, адамның дәрісі – медитация. Әрі аспай, Қытайдан келген қандасымыз,
кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Жан мен тән» сауықтыру орталығында көп адамды денсаулығын күтуге септесіп жүргенін байқап жүрміз. Психология және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мырзакерім Нарбеков 19 жасында I топтағы мүгедек болып қалған. Бүгінде жетпісті алқымдаған қария Мәскеу қаласына табан тіреген. Оның басқарып отырған «Адамды қалпына келтіру институты» орталығының филиалдары әлемнің маңдайалды ірі қалаларында ашылған. Ол кісінің «Опыт дурака или путь к прозрению» атты кітабы бар. Бұл еңбекте жеке тәжірбиесін мысалға ала отырып, денсаулық-
ты оңалтудың түрлі әдіс-тәсілін жазған. Мүгедек  Мырзакерім Санақұлұлы – каратэдан «қара белбеу» иегері, ғылым докторы, суретші, жазушы. «Сіз де мен сияқты бола аласыз», – дейді ол.

Қырымда Валерий Синельников дейтін азамат тұрады. Зайыбы екеуі медицина университетін тәмамдаған. Валерий – бірнеше кітаптың ауторы. Ол кісі бейсанамен байланыс құруды үйретеді. Аталы сөздің күші барын, ауырған жерді онымен достасу арқылы емдеуге болатынын жазған. Ертеректе Мәскеу қаласында Стрельникова деген опера әншісі өмір сүрген. Марқұмның шәкірті Михаил Щетинин «Стрельникова бойынша өкпе жаттығуы» («Дыхательная гимнастика Стрельниковой») деген кітап басып шығарды. Таза ауаны мұрынмен үздіксіз ішке тарта отырып, оттегі бүкіл денеге қан арқылы тарайтындығын жазған. Джон Кехоның «Бейсана бәрін істей алады» деген еңбегі де пайдалы. Луиза Хей «Өз өміріңді сауықтыр», «Рух біздің ішімізде» деген кітаптарында қатерлі ісік ауруын қалай жеңгені туралы баяндайды. Ал америкалық Джо Виталий «Шектеусіз өмір» туындысында денсаулық, байлық, махаббат және бақытты болу үшін құпия гавай жүйесі – хо'опонопоно әдіс не екенін түсін-діреді. Америкада Хосе Сильва ныспылы радиомеханик маман физикадағы Ом заңын пайдаланып, адамды аурудан айықтырған. Қазір қызы Лаура айналысып  жүр.

Ең болмаса, бір адам болса да, ауторлардың кітаптарын зейін салып оқып, пайдаға жаратсын деген ниетте тізбектеп жазып отырмын. Бұл, әрине, үзілді-кесілді дәрігерге барма деген уәж емес. Ота кереуетіне жатып, пышаққа ілінгенше, соның алдын алған абзал. Бойыңыздағы күш-қайратты, бо-
лашаққа деген сенімді, жайдарлы көңіл күйді бір жерге тоғыстырып, таза ауада шынықсаңыз, жемісін көресіз. Ол үшін керенау мінезді жеңіп, рухтың көзі – бейсана құпияларын аша білсе, біраз дертті жеңетініміз  ақиқат!

Қайреден Қадырғалиұлы,

ҚР құрметті құрылысшысы,

«Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, 

облыстық  ақсақалдар

кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале