3.08.2022, 21:57
Оқылды: 85

Автокөлік өртке оранды

Бүгін сағат 16:57 де Теректі ауданының аумағында, Федоровка-Ақсай тас жолының 30-ыншы шақырымында Придорожная кенті маңында шатырлы ГАЗель автокөлігі өртке оранды, деп хабарлады БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

IMG-20220803-WA0071

Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен жеке құрамынан 4 адам жұмылдырылды.

Тілсіз жау 18:00 де сөндірілді. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

2022 жылдың өткен кезеңінде облыста автокөлікте болған 59 өрт оқиғасы тіркелді. (2021 жылы - 50).

IMG-20220803-WA0070

Автокөліктегі өрттің негізгі себебі - электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.

Төтеншеліктер барлық жүргізушілерді автокөліктегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале