23.02.2022, 15:30
Оқылды: 114

Автокөлік утильалымы 50 пайызға дейін төмендетіледі

 Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

190918193042310e

«Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раундын өткіздік. Оларды Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, өтірік сарашылар, автомөндірушілер, бәрі-бәрі қатысты. Әрине, пікір өте көп. Елімізге шетелдік ескі-құсқы көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

Дегенмен, ол утильалымға қатысты теңгерімді шешім қабылданғанын атап өтті.

«Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяда Үкіметті кеңейтілген отырысында утильалым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.

«Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Беларусь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан, Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильалым бойынша ұсыныс дайындау керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале