12.09.2022, 9:45
Оқылды: 118

Автокөлік жана бастаса...

Өртті тілсіз жау дейміз. Өрт оқиғасы тіпті автокөлік ішінде де орын алып жатады. Мәселен, өткен аптада Орал қаласының Айтқұлов көшесі мен Саратов тасжолының қиылысында «Volvo» (Фура) және «МАЗ» (бензин таситын) автокөліктерінің соқтығысуы орын алып, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «қызыл әтешті» құрықтады. Негізі әрбір көлік құралы 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Автокөлік қозғалыс кезінде жанса, жүргізуші көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіру қажет. Капоттың құлпын босатып, бірақ қолында алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпау керек. Көліктегі жолаушыларды шығарып, өртке қарсы «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалу керек. Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігіндегі суды пайдаланбаған жөн. Себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына, жанып жатқан бензиннің таралуына және жану аумағының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

5

Фото дереккөзі: gov.kz

Күзгі аң аулау маусымы ашылатын кез таяу. Бұл маусым басталғасын орман өрті қаупі туындайды. Сондықтан аңшылар орман аумағында болған шақта алау жағу, толық өшірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын лақтыру, құрғақ шөп жағу сияқты әрекеттерден аулақ болу керек. Орман өрті бөтелкеден немесе әйнектің сынығынан да тұтануы мүмкін. Демалыс орнынан кеткен кезде отырған орынды қоқыстан тазарту қажет. Отты дұрыс пайдаланбау адам өлімі мен материалдық шығындарға әкеледі.

Тұрғындар демалыс уақытын моншада, саунада өткізеді. Осы нысандарда да өрттің болатынын көріп жүрміз. Сол себепті пеш пен мұржаның жарамдылығын бақылау өте маңызды. Ағаш немесе басқа да тез тұтанатын заттар пештің ыстық бөліктерінен және түтіндіктерден жеткілікті қашықтықта болып, оқшаулануы тиіс. Пешті үнемі тазалап, күйе мен жану өнімдерінен пайда болған ақауларды уақытында жою қажет. Моншадан шыққан кезде барлық отынның жанғанына көз жеткізу керек. Сол сияқты моншадағы электр желілері мен жабдықтардың жағдайы үнемі бақылауда болғаны өте маңызды рөл атқарады. Электр сымдары моншада ағаш конструкциялардың үстінен мыс сыммен жасалу керек. Сымдардың оқшаулағыш қасиеті екіден кем болмауы және бұл сымдар жанбауы тиіс. Сымдар жанғыш құрылымдар арқылы өту кезінде металл құбырға салыну қажет.

Қазіргі уақытта облыс аумағында желдің екпіні 15 м/с дейін күшейе түсті. Осыған байланысты дала мен орман өртінің қаупі күшейіп тұр. Отты абайсыз пайдалану адам өліміне және материалдық шығынға әкеледі. Сондықтан ормандар мен дала аймағында өрттің алдын алуда ашық отты, тез тұтанатын сұйықтықтарды, олар сіңірілген материалдарды пайдалануға болмайды.  Сондай-ақ орманда әйнек сынықтарын қалдыруға болмайды, сәулелер шағылыса отырып, отты линзалар сияқты от тудыруы мүмкін. Орманда жанып тұрған сіріңкелерді, бықсыған шүберектерді, темекі тұқылдарын лақтыруға, орман алқаптарында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астында құрғақ шөптерді жағуға, желді ауа райында от жағу және оны қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Ережелерді есте сақтаңыз!

Тұрғын үй секторындағы өрттің көбею себебі – пеш және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамаудан. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі жайлы үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Сонымен қатар өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында аталған департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы құрылымдармен бірге тұрғын үй секторында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде.

ТЖД қызметкерлері электр желілерін жүктеуге, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берілмейтінін түсіндірді. Үйіңізде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің мынадай негізгі ережелерін есте сақтаңыз:

- жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;

- электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;

- үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;

- жылыту маусымы басталар алдында және әрбір үш ай сайын жылыту маусымы бойы түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;

- жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;

- жанып жатқан пешті, қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

- электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;

- барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;

- пәтерде газ иісі болса, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз;

- газ плитасы және пеш жанғанда немесе электр аспаптары жанғанда балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру қызметіне нақты ме­кенжайын көрсете отырып, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарласыңыз.

БҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале