23.02.2022, 14:45
Оқылды: 118

Автосалондарда сатылатын автомобильдер неге жоқ – Склярдың жауабы

 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр автосалондарда сатылатын автомобиль тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

220223144106437a3903220i

«Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында бірінші вице-спикерге: «Сіздің пікіріңізше, автосалондарда неге көліктер жоқ? Тапшылық жасанды түрде жасалған сияқты көрінеді», - деп сауалған қойылған болатын.

Осы ретте Роман Скляр еліміздегі автосалондарда көлік тапшылығы бар екендігін жасырмады.

«Иә, өкінішке орай солай. Автосалондарда отандық, сондай-ақ шетелде құрастырылған автомобильдер тапшы. Бұл жеңіл автокөліктерді құрастыру барысында қолданылатын электронды чиптердің тапшылығымен байланысты екені белгілі. Жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Меніңше, жағдай өз арнасына түседі және келесі жылдан бастап отандық та, шетелдік де автомобильдердің жеткілікті болатындығын күтеміз», - деді бірінші вице-спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале