13.11.2023, 16:45
Оқылды: 35

Ахаңның алтын жетоны

Көрнекті қазақ қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы аз жазылып жүрген жоқ. Алайда оқырман А.Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойын ұйымдастыруда жасалған шаралар туралы қаншалықты біледі.

2021_01_28_crop-34_4_529x705_190905120742512a3562782i

Айталық 1922 жылдың 2 тамызында Ташкент қаласында қайраткер-ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойы түркістандықтар бастамасымен алғаш рет тойланады.

Оған Ташкенттегі елшілік, өкілеттік басшылар, еуропалық ғалымдар, қазақ, қырғыз, түрікпен, башқұрт, өзбек, тәжік, ноғай және орыс ұлтының өкілдері қатысады.

Шараны жүргізуші Серікбай Ақайұлы алғы сөзді Иемберген Табынбайға беріп, ол Ахмет Байтұрсыновқа Түркістан зиылылары атынан алтын жетон тапсырады.

Жетонның бір бетіне «Ақа! Күшті сенің қаламың. Халық ісі - сенің тамағың. Жаса ұлт мектебінің жүрегі» деп екінші бетіне «Түркістан зиялыларынан белгі. 1922 жыл 2 ауғыст» деп жазылады.

Бұған жауап ретінде Ахмет Байтұрсынов «Мен - халық мұғалімімін. Оқуым көп емес, аз. Бірақ білімімді халық мүддесі үшін жұмсағаным рас. Менің істеген аз жұмысым сендердің де қолдарыңнан келеді. Мен де өздеріңдей адаммын» деген екен.

Сол алтын жетонның тағдыры бүгіндері белгісіз. Кешегі қуғын-сүргін заманда қарақшылардың қолында кетті ме, кім білсін?

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале