24.01.2025, 10:45
Оқылды: 137

Ахмет Ясауи кесенесін көруге қай елдерден туристер көп келеді?

Түркістанға келген шетелдік туристер саны 45 пайызға артты. Өткен жылы осында атбасын бұрғандардың басым бөлігі — Өзбекстан азаматтары, - деп жазады KAZINFORM

a3b27134-91c2-4e35-8d3e-77ca63192ca5

Өткен жылдың IІІ тоқсанындағы мәліметке сенсек, Түркістан облысына 500 мыңнан астам турист келген.

Оның 235 мыңы қонақ үйлер мен хостелдерге, 136,4 мыңы емдік сауықтыру орындарына, 128,6 мыңы табиғи аумақтарға орналасқан.

Сондай-ақ, былтыр біркүндік келушілер саны 900 мың адамға жетті. Яғни, бір күн ішінде «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайына — 638,8 мың, «Отырар» қорық-музейі — 241,2 мың адам келуші ретінде тіркелді.

Е-qonaq жүйесіне сәйкес 2024 жылы өңірге 21 121 шетелдік турист келіп, көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 45 пайызға артып отыр.

ba4413c7-e18b-4c5b-8184-fab14b40902b

Ал, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 510 адамды құраған.

d8b1d267-59fd-452f-93ca-487134c34e28

Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-5 мемлекетті Өзбекстан Республикасы бастап тұр.

70adec7b-28e2-484d-8b5e-426443a0a644

Одан кейінгі қатарда Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан елдері бар.

f124a065-efbe-4708-ad85-cf5d8ac06b8a

Суреттер: KAZINFORM

— Өзбекстаннан — 10 852, Ресейден — 1411, Қытайдан — 983, Түркиядан — 744, Қырғызстан — 435 адам өңірге келген. Бұл ретте, биылғы жылғы облысқа келетін туристер санын 550 мың адамға, біркүндік келушілер санын 1 млн адамға жеткізу жоспарланып отыр, — дейді Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале