24.04.2022, 17:50
Оқылды: 142

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

Азамат Дәулетбеков Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионы атанды.

220424175939469e

Шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Дипак Пуниямен кілемге шықты.

Д. Пуния - әлем, Азия біріншіліктерінде әлденеше рет олжалы болған азулы балуан.

Соған қарамастан, Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл - еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале