2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Сурет: gov.kz
Қаулымен бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғынжайларды және жалғыз тұрғынжайы апатты деп танылған тұрғынжайларды азаматтарға жекешелендіру құқығын беру көзделген.
Жекешелендірудің қолданыстағы тетіктеріне сәйкес азаматтар тұрғынжайды қалдық құны бойынша толық сатып ала алады немесе артық төлемсіз бөліп төлеуді ресімдей алады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «бөліп төлеу» тетігін таңдау кезінде бастапқы жарна 30% -дан 10% -ға дейін төмендетілді, сондай-ақ қалдық құны 15 млн теңгеден асатын тұрғынжайлар үшін бөліп төлеу мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. Қағида алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөліп төлеу тетігі кезінде есептеу мысалдары:
Тұрғынжайдың қалдық құны - 9 млн. теңге, бастапқы жарна - 900 мың теңге. 10 жылға дейін бөліп төлеу мерзімін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 67,5 мың теңгені құрайды.
Тұрғынжайдың қалдық құны - 16 млн. теңге, бастапқы жарна - 1,6 млн. теңге. Бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін таңдау кезінде ай сайынғы төлем 80 мың теңгені құрайтын болады.